Posted in

ОҢ ҚАБАҒЫН БЕРМЕДІ

Жылы шырай танытпады, жақтырмағанын жасырмады. ~ Атамның анама оң қабағын бермейтіні: ” тегімізді қара суға жарымаған Қаратайдың қасиетсіз ұлына былғадың. О.Бөк. * … арадан басқа біреулер қара мысық боп жүріп өтті ме, “жүгері мәселесі” ұмыт болса да, … оң қабағын онша бере қойған емес. Т.Ахт. * Бір жақсысы, Дуня апай онымен алғашқыдай кежіктеспейтін болды, бірақ оң қабағын да бере қоймайды. Т.Ахт. * Жас жiгiттiң майпаздағаны сонша, әуелгiдеоң қабағын бермей отырған қара шал әрi-берiден соң елiгiп, ысырылып отырды. Б.Алд. ~ Ержолда оң қабақ берер түр жоқ. Томырық қалпы дүниенің бар құрдасын тегіс жиып келсе де, ашылардай емес. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *