Біреуге жаманшылық ойлады; қастандық ұйымдастырды. ~ Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген нысап, құрөзімшілдік һәм әр өзімшілдік – адам баласын бұзатын фиғыл. Абай. ~ — Әлі де кеш емес, ойланыңыз! Ойланбай ұрынып өзімізге ор қазып жүрмеңіз!—деп Галкин қайтадан Кирсановқа бұрылып еді, ол столды сарт еткізді. Ә.Әб. ~ «Забырыңды тигіздің, бар пәлені шығарып, сыртымнан ор қазып жүрген сенсің»,-деп Елемеске зіл тастады. С.Ом. ~ Түп негізгі шикі жасанды на- сихат маған өзіне өзі ор қазып жатқандай көрінеді де тұрады. Ө.Кәр.
