Posted in

ОРҒА ЖЫҚТЫ

Запа шектірді; пәлеге апарды; өкінішке ұшыратты. ~ Өтірік, көз алдау ақыры орға жықты. БАҚ ~ Кейде тойым, қанағат білмей, асқардан ассам, күндесті аяққа бассам деп күпініп, тыным көрмейміз, содан, сөйтіп құрулы қақпанға барып түсеміз, әйтпесе біреуді орға жығамыз… О.Сәрс.

Арандатты, опат қылды, жамандыққа ұшыратты. ~ Обалыңа қалып, орға жыққанымды қайтейін! Жартыкеш жаныңа таяныш болудың орнына, қосыла дүрелескенімді қайтейін! Ө.Кәр. ~ – Қой ары, сандалмай! – Ахмет қарт немересін жаңа көргендей шақшиды. – Құлашөл саған ойыншық деп пе ең?! Мұндайда ойсыз тәуекел орға жығады. Б.Ыб. ~ – Біз Мәмбет болыс екеуіміз өзімізді қайтып тұра алмайтын орға жығатын қара дауылға қарсы шықпай, дүниенің аңысын аңдиық деп шештік. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *