Қауқар-қайраты мол, жалындап тұрған жігіттік шақ туралы. * – Мақсатың билік болса. Оған да жетерсің. Асықпа. -Асығу керек, асығу. “Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды” дейді біздің қазақ. Ертеңнен бастап орда бұзуға кірісемін. С.Досан. * Егер аштық болмағанда Ахаңның есебі бойынша біздің халықтың саны отыз миллионға таяп қалар еді. Оның үстіне жазықсыз жазалау жылдары қаншама қазақтың орда бұзар жастары мен қамал алатындары қыршын кетті. Ж.Баб. * «Бұлқынатын жерде бұлқынбай, бұғып қалсақ, анадан ұл боп туғанымыз қайсы, апа! Тек жүрген жақсы, әрине, бiрақ орынды тұсында орда бұзар «тентектiктi» де бiреу iстеу керек қой. Қойда да серке болмай ма бастайтын!» Т.Сәук.
