Зәрін төкті. ~ Бұл ма еді менің күткен күнім? Осыны тойға жиылған өсекші қатындар тобы сусылдап, ордалы жыландай ысқырып өсекке таңып, жұртқа жайып барды дейді. Қарағым, мен сенен мұның жай-жапсарын сұрамаймын. М.Әу. ~ Сонымен, біресе жапандағы жалғыз жолаушыны қамаған аш қасқырдай анталап, алдан да, бүйірден де снаряд, миналар жарылып, біресе ордалы жыландай жан тітірете ысқырып, сумаңдап оқ қаумалап, біресе үстіңе төніп келген аюдың тісіндей сақылдаған жау танкі ыстықұяң – окопты таптап, солдат өміріне күніне қырық рет қауіп төндірген қырық төртінші соғыс жылының сұрапыл қысы да өтіп бара жатты. Ә.Нұрш.
