Posted in

ОРДАҢ-ОДЫРАҢ МІНЕЗ

Ұнамсыз, дөрекі мінез-құлқ~ Тіпті, елдің алды жұрт ауыстырып, жылыстап, күземдеріне беттескен. Күз күземдеріне беттескен қазақтар әлі ырық бермей, ордаң– одыраң мінезде жүр. О.Бөк.

ОРМАНДАЙ (ҚАРА ОРМАНДАЙ) ҚАЛЫҢ

Құжынаған көп. * Қаратауды теріскей айналып, сонау Торғай мен Ертіс арасындағы салқын белдер мен саумал көлдерді сайрандай көшкен жойқын орда – ормандай қалың Орта жүздің қара құрым тобы

қаптағайлар-ды. Ә.Кек. * Міне, мыңғырған мал талауға кеткен соң, қара ормандай қалың ел жусап түскен соң, қасқырына дейін аштан өлген кең дала, тұқымы құруға тақаған азғана киікке оңаша тисе керек. М.Мағ.*

Қысы-жазы мұз кетпейтін суық теңізден Ертіске дейін қанатын жайып жатқан халық, шынында да, жұрт айтып жүргендей, ормандай қалың болса болар. Ә.Кек. * Жер мен ел ғана емес, бiр бастарыңның амандығы үшiн өздерiңнен тiрiдей айрылған аналарың, тiрлiктiң ыстық-суығын бiрге татысқан қара ормандай қалың ағайын, туысқан-туғандарың да қалып барады. К.Сегізб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *