Posted in

ОРНЫН СИПАП ҚАЛДЫ (СИПАДЫ, СИПАЛАДЫ)

Айрылып қалды, жоғалтты. * “Бүгін түне үйде қонбасам ертең бар қазынаның орнын сипап қалармын”, – дейді ішінен. М.б.Т. * Кенжетаймен қоштасып, Петроградтан шыққан Асқар темір жолдың тәртіпсіздігінен жолда жиырма шақты күн жүріп, Қызылжарға келді де Ботагөздің орнын сипады. С.Мұқ. * Ертеңіне оянғанда төсектен ерте тұрып кеткен әйелдің жып-жылы орнын сипап қалды. Ә.Нұрп. * Қарашаштың орнын сипап қалса да, жарының өткен өмірін баяндаған кітапты қолына алғандай, оған жақындай түскендей бір тәтті сезім бүйірін қыздырып келеді. Өше жаздаған үміті кайта тұтанды — бүгінгі ең үлкен ұпайы сол. М.Қаб. * «Бұл, оның маған істеп отырған жаулығы. Менің үстімнен ұлыққа өтірік жала жауып арыз беретін кісісің ғой, мен сенің жесіріңді алып кетіп, төсегінің орнын сипалатайын саған дегені Терлікбайдың». Ә.Шәр. * Салиханы да қоса ертіп, бір үйір аққасқа жылқыларды айдап кетіп, үй-орманыңмен, – бәрін қалайша, қайтып кеткенсің?! Кім жәрдемдескен? Жын ба, періште ме. Орныңды сипап, зар еңіреп, біз қалдық… Ш.Құм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *