Posted in

ӨГІЗДЕЙ МӨҢІРЕТТІ

У-шу қылды, қан жылатты. ~ Ашынған ақын жүрегінен адырнасын ала өгіздей мөңіреткен уытты, улы жыр жолдары үсті-үстіне толқын ата туындап, сардалаға сапар шегіп, туған елдің жігерін жанумен болды.Ж.Дәур. ~ Қалың-қалың жақтауларға үлкен-үлкен кенептер тартқызып, оған қарындашы мен қағазында түсіп, миы мен жүрегінде әбден пісіп, композициясы дертіп тұрған суретті тұтқиыл түсіреді де, палитра-қаламын алып жіберіп, жанын шығара, дүрілдете, «ала өгіздей мөңірете» жазады. Ж.Кәк. ~ Енді бірін кім десең? – Тебінгісін терге шіріткен, Терлігін майдай еріткен; Адырнасын атқа алған, Атқан оғын тайға алған, Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, Дұшпаның саулы інгендей еңіреткен… Шалгез.