Басқасын айтып қайтем, бәрінен де маңыздысы осы емес пе д.м. ~ – Өзгесін не қылайын, бір пұт бидайын бір қойға бұлданып әрең беруші еді– ау. Енді біздің де аузымыз ақ нанға тиетін шығар, — дескен уытты сөздер ұшқын атады. Қ.Жұм.~ Өзгесін не қылайын, әсіресе өзіңнің Гүлбаршын жарыңды аламын деп отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, басып-көктеп бүгін кешке некесін қиятын күні, шырағым, тілімді алсаң, ертерек бар»,— деді. А.Сейд. (“Алпамыс б.”) ~ — Апыр– ай, өзгесін не қылайын, қолындағы алтынның, буда– буда ақшаға айналғалы тұрған ең байлықтың да қадірін білмейді ғой… Қ.Жұм.
