Posted in

ӨЗЕГІ ТАЛДЫ

Ашықты, аштықтан әлсіреп, көзі қарауытты. *«Жақсылардың» мәжілісі сондай «үлгілі» сөзбен дуылдап жатқанда, Қартқожа мұрнын қос- қосымен тартып, тершіп отыр еді. Қартқожаны елеп, аяқ берген кісі болмады. Жаңа ғана қойшыдан сүт ішкен, өзегі талып отырған жоқ. Бірақ өзгелердің санатынан қалдырып, өгей баладай елемегеніне қатты қапаланды. Ж.Айм. ~ Бізге сүйеніш керек, қарғам, онсыз өзегіміз талады, жете алмаймыз әкеңе… Н.Сер. ~ Қарны  ашқан  жолаушының  іші  ұли бастады. Өзегі талып, көзі қарайғандай. Т. Әлімқ.  ~ Ертайды қатты сағынған кезде алып көретін. Ақыры жазғасалым, өзегі талып, көзі қарауытқан ұзақ күндердің бірінде сабақ соңынан жеді. М.Мағ. Әбден шаршап, болдырды. ~ Өзінің түлегі, әкеніңғана ұлы 7 емес, Отанның перзенті етіп өсірді. Аналар өзегі талып балаларын күтсе, мектептер мейірлі құшағын жазып қарсы алмай ма! К.Қаз. ~  Ұлы орыстық шовинизм мен еуропалық көзқарасты былай қойғанда, өзіміздің ақын бауырымыз Мұхтар Шаханов өзегі талғанша өтірік ғайбаттап Шыңғыс қағанның рухының алдында өзін өзі ақтай алмайтын күнаға батты. Қ.Ысқ. Өзек талып, жанымыз езіліп кетсе де халқымыз үшін бір қадам еңбек жасалынған сияқты… Ә.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *