Жүрек ауыртады, жаныңды қинайды. ~ Егер ұлы даланы байырғы жұртынан біржола тазарту үшін мұқият, арнайы жоспарланған осындай ғаламат апат болмаса, қазіргі Қазақстанның кесімді шегін лықа толтырып отырар едік, ұлысың – ұлағатты, ер-азаматың – еңселі болар еді, өзің де мүлде басқаша күн кешер едің деген ой… өзекті өртеп қана қоймайды, үмітсіздікке, түпсіз қайғыға жетелейді. М.Мағ. ~ Жоғымызды түгендей алмай жүргенде барымызды құртуға еңбектеніп, «Сегіз сері мен Қожабергенді жоғалту кімдерге, неге керек болды екен?!» деген ащы запыран өзекті өртейді. Ж.Шәк.
