Жасы не дәрежесі өзімен қатарлас; құрбы-құрдас. ~ Өзі теңдес баладан таяқ жемейтін Жайнаққа, үлкендерден біреу-міреу тіл, я қол қатайын десе, Ақпан қызғыштай қорғалаштап маңайлатпайтын. С.Мұқ. * Оспанның кейінгі үш жылда бүкіл болмысымен өзгеріп, қаладағы өзі теңдес сауатты жастар деңгейіне жетіп қалған себептерін Қанипа осы арада тағы да зейін-зерде айнасынан өткізді. С.Омар. ~ Бірақ сонша байлықтың қызығын өз басы ғана көріп келеді. Өзі теңдес адам болмаса үйіне түсіріп, саумал ауыз тигізген жан емес. З. Ақыш. ~ Өзі теңдес жігіттердің бәрі әлдеқашан үйленген, ал үйленбегендері тіс қаққан қу немесе аяғын есеппен басатын пысықтар. Д.Ис.
