1 Бағындырды, тәуелді етті, қол астына алды. ~ Осы1912 жылы болыс сайлауы болғанда, Итбаймен таласқан Ағайдар деген адам елді өзіне қаратып алып кетіп, болыс болған. С.Мұқ. ~ Император Цяньлунның тұсында, яғни 1758 жылы Цин империясы мол әскермен келіп, Шығыс Түркістан мен Жоңғарияны өзіне қаратып алған… Қ.Жұм.
2 Біреудің назарын, ықыласын өзіне аударды. ~ Өзін өзітамаданың “бірінші орынбасары қызметіне” ұсынып, жұртты өзіне қаратып алған, жұртты өзіне тәнті қылып алған Сана Тақылдауық Ембергеннен гөрі шапшаңдық, тапқырлық танытып, тізгінді жиі-жиі өз қолына ала берген. Ә.Тар. ~ Бүкіл ауылдың назарын өзіне қаратып алу үшін, қарға ақылшы болып дегенін істетіп, талап ету үшін мұғалім өз пәнін жақсы білсе жеткілікті еді. Ә.Әл.
