Әлдебір ісіне күйінді, күйзелді, қапа болды, өкінді. ~ Ол апанын айлакер аңшыға алдырған арлан секілді ызалы еді. Соңына ерген жалғыз інісін осы сапарға ертіп шыққанына іші удай ашитын. Енді оның өліміне өзі себепкер болғандай өкініш өзегін өртеп шоқтай күйдіріп барады. Ү.Жәл. ~ Қарашашты жазықсыз жәбірледі — ол анық, өкініш өзегін өртейді, амал не, айтылған сөз — атылған оқ. М.Қаб. ~ Айналада ат дүбірінен бөтен дыбыс жоқ. Қайыптың көкірегі шерге толып, өкініш өзегін өртеп, өксік ата зар құсып келе жатты. Ү.Жәл.
