Өкпелеудің жөні жоқ.~ ─ Біріншіден, кейбір жағдайда сол қыз автордың өзімен мінездес, сарапшылығым сәл жансақ басқан жерде соның обал-сауабын осынау жүрегі пәк пендеге жүктей салу да тиімді. Өйткені, қыз талғамына өкпе жүрмейді. «Қыз аузынан шыққан сөз ащы болса да пәк» деп Сафуанның өзі де жазған. Х.Ерғ. ~ Жан ашырлары: «Заманның ағымы сол болды, оған өкпе жүрмейдi, шырағым. Елдi ексеп есiңнен шығармағаныңа мың алғыс. Бас құрапсың, мұныңа да шүкiрлiк. Заман да түзелдi, тек адал терiңдi төксең болды, бәрi оңынан оралып тұрған жоқ па», – деп ақ тiлектер айтысқан. П.Дүйс. ~ Көпке өкпе жүрмейді. И.Сап. ~ ─ Есіңде болсын, Валя. — Алмас әр сөзін салмақтап айтты. ─ Жазықты адамға өкпе жүрмейді. С.Ом. ~ Соқпа дертке өкпе жүрмейді. С.См.
