Posted in

ӨКПЕ СЫЗЫ

Көңілдегі өкпе, кірбің. ~ — Қалжыңдаса да қалжыңның тасасында өзімсіне көлденеңдеп тұрған өкпе сызы леп берді.  С.См. ~ – Сені мұндай дәті берік деп кім ойлаған… Біз мұнда қырылып қала жаздадық. Ал сенің тіпті бақайыңнан келетін емес қой? — деді даусынан өкпе сызы аңғарылып.  Қ.Жұм. ~ Анау Бектемірге жел беріп, арызын жазып жөн сілтеуші сол!  Сол бәлекет! — деп Мақан енді қызынып, Ғазиз Құлтановичке деген өкпе сызын да ұмытып, елеуреп сөйлей бастады. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *