Posted in

ӨКСІК АТТЫ

Зар жылады, шерін тарқатты. * “О, шұнақ Құдай! Шұнақ Құдай! Көрсетпегенің осы ма еді? Осы ма еді маған!” деп іштей күңіреніп, бұлыңғыр лайсаң көкжиекке қарап жыларман боп өксік атты Пахраддин.  С.Елу. * … осындай майда желісті әндерге көшіп, сәл тыныстап алатын әдеті сияқты. Мұнда да өзекжарды өкініш, қол жетпес арман өксік атады. Қ.Жұм. * “Күйшінің толғанысынан соны көр” дегендей қоңыр домбыра өксік атады. Т.Рыск. * … Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар- жар- ау! — деп өксік ата шер төгіп, артта қалып бара жатқан ата- анасына қимас, ыстық сезімдерін арнайды. Қ.Жұм. * Дүниенің кезегін, баянсызын ол да байқаған сияқты. Қыстыға шерленіп, оқтын- оқтын өксік ата күрсініп қояды. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *