Соңынан ерген ізбасары. ~ Көзге жас көрінгенменТәжімұрат уатком ағасының өкшесін басып жүрген адам-ды. Х.Ес. ~ Ол – әкемнің өкшесін басып жүрген аталас ағайыным. Н.Сер. ~ Ықас орнынан атып кетті. – Әне, – деді өлердей қуанып. – Біздің болашағымыз қандай кемел! Ағаларының өкшесін басып, егемен еліміздің жас жеткіншектері желкілдеп өсіп келеді. Р.От.
Артынан ерді, ізімен жүрді. ~ Қақ алдындаадырналарын шірене тартып садақшылар, одан кейін сұп-суық көк алмастарын көкке көтерген қылышкерлер мен найзагерлер тұрды. Олардың өкшесін баса, кісендеулі құлдар мен олжалар артылған ұзын-шұбақ керуен жүреді. Ә.Кек. ~ Үлкенге жол беріп, көнбеген соң ақыры әнтек тартына, салам бере ішке енген жігіттің өкшесін баса әжесі де кірді маңдайшадан еңкейіп. С.Үс.
3. Жасы шамалас, жасы таяу адамдар туралы. ~ Ол әкемнің өкшесін басып жүрген аталас ағайыным. Н.Сер. * Бұлар да біреудің көзінің ағы мен қарасы ғой, осылардың өкшесін басып өсіп келе жатқан өзімнің де қызым бар емес пе, ұят-обал ғой деген ойдан адасып қалғандаймын. Т.Сәу. ~ Осы орайда апамыздың өкшесін басып келе жатқан сіңілісі – Роза апайға тілек білдіру жолын ұсыналық. З.Төл
