Ізіне түсті, артынан жүріп отырды, аңдыды. ~ Көксеңгірді мекен еткенімен тыныш ғүмыр кеше алмаған. Іздеушілер сан рет мұның өкшесіне түскен. Бірде тіпті қолға да түсіп қала жаздады. К.Жүн. ~ Көшеде келе жатқанда ту сыртына сұғын қадап, басқан-тұрғанын аңдитындай болады. Әйтеуір мұның із өкшесіне түсіп, аңдитын біреу бардай. Ө.Кәр. ~ Қайып хандыққа отырысымен Хиуадағы өзінің бұрынғы жауларының өкшесіне түсіп, оларды аямай көздерін құртады. АҚ “Арпалыспен..”
