Зарықтырып жеткен жақсылық. ~ Көк түтін қолқасын атып, көзін ашытып барады. Өлгенде көрген бір той дегендей, орындыққа шалқалай сұлап бұрқыратып отырған Динозавр баяғы. М.Қаб. ~ Өлгенде көрген бiр той деп, майшабақты қомағайлана қарбытқандар әрi-берiден кейiн-ақ қаталап, жандарын қоярға жер таппай аласұрған. Сiлелерiн қатырып бiр тәулiк бойы су татырмай қойды. Т.Сәу. ~ — Бүгін — мереке, өлгенде көрген мереке. Құрғақ заң екенін мен де білемін. Сондықтан да көз көрмес, құлақ естімес жерге ертіп әкелдім. Мә, ал! Тышқанға да той бар. Қағып жібер. М.Қаб.
