Posted in

ӨЛГЕНІНЕ ҚАРАМАДЫ

Ештеңемен санаспады, қауіп-қатерге көңілаудармады; өлерменді танытты. ~ Көзін ашып қараса: «Өңкілдеген өңкей солаңдар, Атты бермен тартыңдар. Қалай жығылып қалғанмын? Тоғыз жорға төтенше Сонда да тарту жедім», – деп. Кәуірдің ханы ер Жолай, Өлгеніне қарамай, Бір қомпиып қалды дейді. Ә.Мар. (“Көкетай ханның ертегісі”) ~ Шынында да, мынау баяғы аран ғой… Онда да елірген түз тағысы өлгеніне қарамай осылай өңмеңдеп бағушы еді ғой. Ә.Кек.

  1. Адам құрлы көрмеді, бар-жоғын елемеді.

~ Әншейінде Әділдің өлгеніне қарамайтын ағайыны Әділдің малына мирасқор болғысы келді ме, Мариядан үміт қылды ма — төрт- бес кісі ерді.  Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *