Қауіп қайдан екенін сезетін, аса сақ адам туралы. ~ Өзінің өлер жерін біліп, үстіндегі киімін жанындағы адаммен ауыстырып, оны асқан қулықпен оққа байлап кеткенін Қытай қазақтары таңдай қаға еске алады. Ж.Шәк. ~ Боранқұл кеуде керіп шыққан соң аптығып тұрғандар су сепкендей басылды ғой. – Піскен бас қой, ең құрығанда өлер жерін білетін шығар, – деп дабырласып бара жатты. Ғ.Біл. ~ Жо-жоқ, мұныңыз Қарасайдың намысына тиетін әрі көрер көзге қиянатқа итермелейтін жала! Қарасай да өлетін жерін біледі. Қ.Жиен.
