Posted in

ӨЛЕРДЕЙ (БОП) ҚОРЫҚТЫ

Зәресі кетті, үрейі ұшты. ~ Ізімнен айрылғандай сары масалар да қалды. Қасқыр мен жын-шайтан от пен судан өлердей қорқады ғой… Ғ.Мүс. ~ Советтің жоғарғы қызметкерлері түгіл, осы Самалықтың өзінен байлар өлердей қорқып, «келе жатыр» десе кірерге ін таба алмайтын, байлар оны өздеріне «мейлінше мейірімсіз» дейтін. С.Мұқ. ~ ─ Қасқырдан да, ұрыдан да, қараңғылықтан да қорықпаймын, ал өліктен өлердей қорқам. Неге екенін білмеймін, әйтеуір қорқам! А.Чех. ~ — Жаның неге шошиды?  — Неге екенін білмеймін, сізден өлердей қорқып тұрмын. Ә.Әб. ~ Өлердей боп қорыққан Сары Бұғы, қатын-баласы есінен шығып кейін қарай жүгірді… І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *