Қайғылы, түнеріңкі көңіл-күй жайында. * Кешегі Сағынай асы, Құлагердің Құсақ көліндегі өлімі, маңына топталған әнші-күйшілердің жұбату сауығы, – бәрі өң мен түстей. Қаратал бауыры өлік шыққандай қайғылы. С.Жүн. ~ Бұл ауылда жаңа ғана өлік шыққандай, қатын-баланың қабағы қату еді. З.Шүк. ~ Өлік шығарғандай тым-тырыс отырған жұрт ду күлді. — Жолдастар, күлкіні қоя тұрыңдар, — деп ашу шақырды Жанайдаров. Д.Ис. ~ Өлік шығарғандай үнсіздікті әлден уақта полиция капитаны бұзды. А.Алт.
