нболса, о болсын, өлсе өлсін; өзіне со керек д.м. * – Мен апама сүйсініп отырмын, – дедім. Өмірзақ “ой, жарымес, әкең…” дегендей ожырая қарады: – Апа болмай жопа боп, өмірем қапсын! Т.Сәук. * – Өлсе өмірәм қапсын! – Сынықшы теріс айналып, бастырманың астына кіріп кетті. О.Сәрс.
ӨЛСЕҢ ӨРЕМ ҚАП!
Өлсең өл, мүрдем кет, маған да керегі сол д.м. * -Әбділдажан, өлдім! – деді Боқаң жан ұшырып. – Өлсең өрем қал! – деді Әбділда қабағын кіржитіп. Б.Майл. * Ал тірі жүрген бірер ұрпағын еш елеп-ескермей, оларға «өлсең, өрем қап» деп қарайтұғынымыз несі екен? А.Омар.
