Өзінің дарынын, өнерін, күш-қайратын тиісті бағытта қолдана білмеді, қоғамға пайдасы болмады, өзін керексіз сезінді. * Кәрі жұмысшы әбден бүлініп бітпеген жастың өмірден өз орнын таба алмай, табансыздықтан құтыла алмай жүргенін ұғып, оған жәрдем бергісі келген – ақ еді. І.Ес. * Кейбірі бұл өмірден өз орнын таппай басын әрнеге соғып адасып өтеді… Д.Дос. * Көбінше, адамдар өз бейімділігін ескермегендіктен, өмірдегі өз орнын таппағандықтан жолы болмай жүреді. Қ.Жұм. * — Өмiрден өз орнын таппаған бейбақтар да осындай сарсаңға түседi, Мұқан, — деп демiнен от шаша терең күрсiнген. Ж.Шағ.
