Жасы біразға келіп қалған, жер ортасынан ауған адам туралы. * Сырықтай болған бойыма, алға ұмсынған кеудеме, дөп-дөңгелек бөксеме, қысқасы, өзіме-өзім риза боп өмір сүріп, төртінші ондықтың есігін қағып, өмірдің көбі кетіп, азы қалғанын білмей де қаппын ғой. Қ.Түм. * Есейген күйдің күйігі басқашалау болғанын ұқты. Өмірдің көбі кетіп, азы қалды, – дейді санасы. Р.Мұқ.
