Posted in

ӨҢЕШІ ЖЫРТЫЛҒАНША

Бар даусымен, тамағы қарлыққанша. * Со кезде жанжағыма қарап, пәрменімше айқайды салдым. Өңешім жыртылып, тамағым қарлыққан кезде, құлақ салдым, әлдеқайдан иттің ұлығаны естілді. Ж.Айм. ~ Өзара қызыл кеңірдек болып, өңештері жыртылғанша айқайласып жатқан жұрт бұған көңіл бөлмеді. Ә.Тар. ~ Тұрқы бұзаумен пара-пар, жүні түбіттей үлпілдеп жылтыраған дәу ит аштықтан әлсіреген бұл бейшараны көре салып, арсылдап, өңеші жыртылғанша үре бастады. С.Шәйм. * Жетпіс жеті атасын түгел санап, жетпіс жеті рет құлағының түбінен айқайласаң да “аузыңды” демейтін керең шал өңешің жыртылса да естір ме. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *