Posted in

ӨҢІН АЙНАЛДЫРДЫ

Шындықты бұрмалады; әлдебір ойдың, идеяның т.с.с. негізгі мәнін яки сырт сипатын өзгертіп (өз атынан) қайта ұсыну туралы. * Қазанға дейінгі қазақтың бәрі сауатсыз, надан дегеніміз қайда? Шындықтың өңін неге айналдырады Мұхтар Әуезов? З.Қаб. * Пәкістандықтар “Махаббат күні” деп өңін айналдырып алған діни мейрамды тойламайды. БАҚ. ~ Сол оқытушылардың бірі — Мусин. Мусин — Профессор. Профессор — зор лауазым. Бірақ, сол профессордан алған өнегесі мұнда келгенде өңін айналдырып шыға келеді. Міне, Тайман соған қайран қалады. З.Қаб. * Бірақ практика жүзінде сол әңгімелердің барлығы өңін айналдырып шыға келеді. Бұл жерден қазақтың тағы бір кемшілігі шығады. А.Жұмад.  ~ Әкемнің айтуына қарағанда, тілмаш дегенің пара жегіш, дауласкер, екі жақты бірдей сорушы жемқор болған. «Сенің сөзіңді сөйлеймін», — дейді де, ұлыққа әңгіменің өңін айналдырып жеткізе береді.  Б.Мом. ~ Әлем философтарының айтқанын жазғандарына сыналап енгiзiп немесе өңiн айналдырып, өзiнiкi етiп шығарады. Ә.Ыб. ~ Отызыншы жылдардағы коллективизация — социализмнің өңін айналдырып бұрмалау. Орыс шаруасы жерден, қазақ төрт түлік малдан айырылды. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *