Posted in

ӨҢІН СУЫТТЫ (СУЫҚҚА САЛДЫ, САЛҚЫНДАТТЫ)

Ұнатпаған пішін танытты, қабағын түйді, қабақ астынан қарады. ~ Шал саудаласу орнына бірден өңін суытып, — Шеш! — Неге? — Шеш! Бол! Саған етік керек емес. Сенің ақшаң жоқ! Б.Соқ. ~ Мен енді Жанбосыннан рұқсат күтпей-ақ арбаға арт жағынан жабыса бастадым. Жанбосын өңін суытып: – Түс! Түс! – дейді. Б.Соқ. ~ Көшті бөгемейік… –  ұзын бойлы, қапсағай денелі, қара сұр жігіт қабағын түйіп, өңін суыққа салды. Т.Рыск. ~ Рүстем орнынан тұрып, шалбарының артын қақты. Шелекті алып, төменге беттеді. — Қайда кеттің? — Тұмаға… Су әкелемін,— деді сөзін де, өңін де салқындатып. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *