Қатты қолбалжып не қорқып, жүзі құп-қу болып, бозғылт тартты. ~ Кіргендердің ең алдында Қасен. Сол қолынан, саусақ-саусағының бәріне тарамдап қан дірдектеп ағып, саулап тұр. Атжағы тістенген, өңінде қан жоқ, құп-қу… М.Әу. ~ Раушанның өңінде қан жоқ, жұқа ернін жымқырып алған. Т.Ахт. ~ Боран үдей түседі, маңдайдан тер суша құйылады. Бетінде қан жоқ, сұп-сұр. Денесінде жөнді ет жоқ, сіңір… Ғ.Мұс.
ӨҢІНДЕ (ЖҮЗІНДЕ) ҚАН-СӨЛ ЖОҚ
Әбден жүдеп, бет-жүзі қуқыл тартқан. ~ Бейшараның өңiнде қан-сөл жоқ бозарған, мұрыны қып-қызыл боп домбыға iсiнiптi. Қайда кетiп бара жатқаны, кiммен кетiп бара жатқаны қаперiне кiрмейтiн сияқты. Ә.Ыб. ~ Шырақтың сұрғылт сағымынан ба, сақал-мұрты қылтанақтап, тоза бастаған жүзінде қан-сөл жоқ екен.Сандықты іргеге атып жіберді де кетуге ыңғайланды. Қ.Ысқ.
