Жүзі нұрланды. ~ — Батыр-еке, — деді Құба-мерген өңіне қан жүгіріп. — Біз тірі адамға жаназа оқыдық білем… Әлдебір сұғанақ келсе, өзге дүниеге тиіспей ме? М.Мағ. ~ Осындай жайма-шуақ табиғат күйімен елегізген Тілекейдің қара торы өңіне қан жүгіріп, шырайлана түсті. С.Ғабб. * Көңілдері жайрап, өңдеріне қан жүгіре бастады. Үния жол жүруге дайындалып жатыр. Ә.Шәр. ~ Аманды қоршай алқа-қотан жайғаса бастаған жігіттер мәз-мейрам, өңдеріне қан жүгіріп, қарық болды. О. Бөк.
ӨҢІНЕ НҰР ЖҮГІРДІ
Бетіне әр кірді, жүзі алаулап, бал-бұл жанды. ~ Илекке түскен соң-ақ, Зияш әйелдік шырайын тауып құлпырып шыға келген. Опа-далаптан арылған ақ сарғыш өңіне нұр жүгіріп, тым әдеміленіп кетіп еді. Ө.Кәр. ~ Өңдеріне нұр жүгіріп, көздері жылтырап бір-біріне күлімсірей қарайды. Т.Ахт. ~ Халықтың көңіл күйі ауыртпалық пен жоқшылыққа қарамайтын да кезі болады екен. Соғыстың аяғы жақындаған сайын кімнің болса да еңсесі көтеріліп, өңіне нұр жүгірді. Т.Ахт.
