Тура бетіңе қадалып, жер-жебіріне жеткізіп айтты, тесіп жіберердей, суық көзбен қарады. ~ Әлсін-әлсін демігіп, тық-тық еткен жөтелі өңменіңнен өткендей, алма еріні кезеріп Бетпақ кезіп кеткендей … Ж.Айт. ~Түрі келбетсіз емес, бірақ сұсты. Сол қысықтау, өткір, шегір көзі рақымсыз, адамға қарағанда өңменіңнен өткендей. І.Ес. ~ Оның үстіне қалың қастың астынан сығырая қарайтын өткір жанары өңменінен өткендей, жон арқасы шымырлады. Ш.Бейс. ~ Өңменіңнен өткендей суық жел қазір де ұшқандап қар білінеді. Бірақ жаумайды. К.Рах. ~ Келіп, пойыздан түскен бетте жүрегі дүрсілдеп, бойын алғаш рет үрей биледі. Аңыраған сұп-суық желі терісінен қайырып тұр екен. Өңменінен өткендей. Ш.Құм. ~ – Менің нағыз әйел болғым келеді! Жарымды құшақтап жатып, өсіп-өнгім келеді! – деп бажылдап жылай бастап еді, жанына келіп өңменінен өтердей көзбен қарап, білегінен қысып тұрып: – Немене әйел емеспісің? Заңды күйеуің бар, ұлың бар, баспанаң бар. Астыңда көлігің бар. Мен сені ұрдым ба? Үйден қуаладым ба? С.Досж. ~ Жігіттің көзі суық, сұрғылт, және адамның өңменінен өтердей өткір-тұғын; қоладан құйғандай әдемі мүсінінен ата-бабадан сарқылмай келе жатқан бұла күштің иісі сезіледі. Дж.Лонд.
