Жолы ашылды; тынысы кеңейді, еркінсіді. * Жаның шықсын! Нұрбикені сағынып отырған шығарсың! Келмей қалғанына қуанған шығарсың. Ай, бір өрісің кеңіп, арманыңнан шығатын болдың-ау!.. Қ.Ысқ. * Жаз шықты. Балалардың өрісі кеңейді. Демалысы да жылдағыдан тәуір. Баудың үйге тақау, бақшалық, ашық жеріне егілген жеміс-жидектерін қадағалап, алма, алмұрт ағаштарын суарып, көлеңкеде кітап оқып, аунап-қунап жатыр. М.Мағ. * Мен сол машинаның қызығын жалғыз көреді деймісіз. Апам екеуіңді салып алып қыдыртпаймын ба? Өрісіңіздің кеңігенін танытпаймын ба?» — демесі бар ма?! М.Сүн. * Сонда бір ауылдың ғана мақтанышы саналған көп бұйымдардың елден-елге таралатын өрісі де кеңейер еді-ау… Қ.Тол.
