Білімі таяз, болашағы жоқ. ~ Зорлық-зомбылық пен қастандықты бірінші орынға қойған өнер мен әдебиеттің өрісі тар, өресі қысқа. С.См. ~ Сөйтсе де бәзбір өрісі тар, өресі төмен бастықтарға ұқсап жұмысының жайын айтып мақтанып, немесе басқаларға қыр көрсетіп қыжыртып та отырмады. Е.Әлім.
ӨРІСІ ТАР
Ақыл-ойы төмен, парасат-танымы шектеулі. ~ Ал жамандықтың қашанда өрісі тар, түбі таяздай, ызғары аяздай. Ә.Ыс. ~ Немесе күнделікті өрісі тар күйкі өміріне әлде бір жат дүниенің маған кел деп шақырған өктем үні келіп жетті ме екен? Дж.Лонд. ~ Қытай жау санаған Оспанға жаулық, жат пиғыл танытушылардың өзі тар ма, өрісі тар ма!? Ж.Шәк.
