Отқа оранғандай күйге енді. * Мәкен де жан ұшырғандай саңқ етіп үн қатып, біресе қатарына кеп, Дәрменді құшақтай қозғап, уатқысы келеді. Біресе өзі де тұла бойын өрт шалғандай жылаған үнін ірікпестен зар-зар етеді. М.Әу. * Өзінің көз алдында қападан, қасіреттен осындай өрт шалғандай күйге түскен Абайды Павлов өз әкесіндей аяды. Оңаша қалса болды, үнемі жұбату айтатын. М.Әу. * Елшібек енді түсінді, түсінді де қарасұр өңі өрт шалғандай қызарды. Қипалақтай, бірер жөткіріне, Сапабекке қарады.Ш.Құм. * Тау басына кар түсіпті. Тау басынан аса алмаған жырым – жырым ақша бұлттың бауырын өрт шалғандай, аспандағы жалынның алауы нарттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр. Қ.Ысқ. * Көктен тұз жаңбыр жауып, жер бетіне қылтиып көрініп келе жатқан шөп өрт шалғандай қап-қара боп күйіп, аяқ жетер жерде жайылым қалмай бара жатқан-ды. Ә.Нұрп. * Кел бетінде аппақ қайындай аққулар жүзіп жүр… Кенет дүние дүрлігіп кетеді. Көл бетін өрт шалғандай. Өрт емес, қанға боялған аққулар… Қ.Жұм. * … тула бойы түршігіп сала берді, тағы да қорқынышты үрей қаумалап, әлгінде ғана тісі тісіне тимей қалтыраған денесі өрт шалғандай бір ысып, бір суып, қара тер ағыл-тегіл бұрқ ете қалды. Қ.Ысқ.
