Posted in

ӨРТ ШАЛДЫ  

От тиді, өртке ұшырады. ~ Өрт шалған бала кұспын қанатымды, Бүркеніп алам қара түнді. Тәңірге қайта-кайта жалбарынам, Тездет деп тендік майдан сағатымды. Д.Әб. ~ − Жетім қалған бала да бар – деп салды, Тағы менің жүрегімді өрт шалды, − Ол соғыстың тастап кеткен жарасы, Ол болмаса бір шаңырақ бос қалды! Ғ.Қай. * Өрт шалған орманның ішінде жапа жалғыз қалған еліктің лағындай, менің сорлы жүрегім кеудемде ойнақ салды. Т.Берд. * Жерін өрт шалып, елін жау шапса да “әй, менің үйім өртеніп жатқан жоқ, маған тисіп жатқан ешкім жоқ, бір бұйыртқаны болар, пешенеге жазғанды көрерміз” деп сабырын сақтап, маңғаз қалпынан мызғымайды. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *