Қырып-жойды, жалмады. ~ Алайда, арада көп уақыт өтпей-ақ, жолындағы елді өрттей жайпап келе жатқан Цеван Ребданның үш түмен әскеріне бұлардың төтеп бере алмасы мәлім болды. Қ.Жұм.
ӨРТТЕЙ ЖАЛМАДЫ
Жолындағының бәрін қырып-жойды, түк қалдырмады. * Тау сағалап, өзен жағалап, судың тұнығын, шөптің шүйгінін қуып, мал қамымен бытыранды жүрген халықты уайымдасуға үлгертпей, дулығалы сауыт құрсанып, тұлпарлар мінген айдарлы доспан қапыда қу шөпке тиген өрттей жалмаған. Ғ.Біл.
