Жүректе, көңілде қалған өшпестей із хақында. ~ – Содан бері он алты жыл. Сонда да сол бір қан кешіп жүрген ауыр күнде өрттің табындай болып өзекке басылып қалғандықтан ба, осы бір оқиға әсте есімнен кетпейді. С.Шай. ~ Әйтпесе жүрекке беріш болып қатқан бітеу жара осы кезге дейін жазылар болмас па. Ал қос мұңлықты он жыл бұрын шарпып өткен алапат өрттің табы әлі бір мысқалдай да өшер емес. Ж.Баһ.
