Posted in

ӨСЕК ТАСЫДЫ

Біреу туралы дүдамал әңгіменің кеңінен  жайылуына сеп болды, естіген өсегін кім көрінгенге жайды.  ~ Жас адамның әйелі екем деп имену жоқ, сампылдап сөйлеп үйден үйге жүгіріп, өсек тасиды. Сыдықтың қатыны туралы сөз қылғанда жұрт: «Бір үйге қыдырып барғанда, қатыны үстіне келсе Сыдық ұялып шығып кетеді екен…»деп өсектейді. Б.Май. ~ Дәулет пен Самарқанның таласында, Тыртықтың тілегі Самарқан жақта болғанын, Дәулет пен Айбаршаға тыңшы боп өсек тасығанын, Айбаршаға шын сырын ақтарғанда Самарқан айтып қойған еді. С.Мұқ. ~ Екінші бір Абайға ұнаған нәрсе күнде пәлен болды, түген болды деп мазасын кетіретін  өсек баққан партия, пәле құған қулар келмейді. Әрх. Ысқ.~ Үй оңаша қалғанда Матов  тағы қинай бастады. «Өсек таситын ешкім жоқ, енді өзіміз ғой», деп, қайта-қайта қылқылдай берді. Б.Тоғ. ~ Көршілері де оған көп назар аудара бермеді. Анастасия мен Кондратий де үй аралап, сөз қуып, өсек тасыған емес. М.Кәр. ~ Құдай да қудың жағы болды білем, Біреуді біреуге әкеп жем қылып жүр, Кейбіреу өтірік айтып өсек тасып, Жалғанға жанын беріп сендіріп жүр. “Айтыс”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *