Өсек сөздерді бірінен соң бірін жауырды. ~ Әй, қайдам, басқаны өсектегенде ерні-ерніне жұқпайтын мұндайлар бұның беті теріс айналса сыртынан талай өсекті борататын шығар. Ж.Шәк. ~ Қамардың көрінбеуінде бір құбыжық бар ғой деген өсекті қардай боратушы еді. С.Тор. ~ Мейізкүлдің менің шешеме де сен жайлы талай-талай жаман пиғыл туғызатын, тіпті үрейлі өтірік пен өсек сөздерді қардай жаудырғанына да сыр білдірмей, естімегендей боп, сырт беріп жүр едім… З.Нұрт.
