Қисынсыз, жалған сөзге ерік берді. ~ “… өсек, өтірікті желдей гулетіп жайғаным, тыныш отырған елдің түңлігін желпілдетіп, төріне шығып текеметін тілгенім, отағасын боқтағаным, әйеліне түнемесі қол салғаным, қызын күнәға белшеден батырғаным, жетімді жылатып көз жасына қалғаным, сірә, текке ұмытылар деймісің!” Д.Дос.
ӨТІРІКТІ САУЛАТТЫ
Жалған сөзге ерік берді, өтірік сөзді ағызды. ~ Бәйбіше бадалып, «Қыз жоқ» — деп бажылдап, өтірікті саулатты. – Өзім табам, – деп орыс жүгіріп ала жөнелді. Ж.Айм.
