Асау, ағысы қатты, терең өзен жол бөгеді. ~Қыстайғы қатты боран енді сел жауын, қою тұманға айналып, жадыратпай тұр дүниені. Оңтүстікте «Көктал», «Соқыр» өзенсымақтары күшті тасып, арбалыға өткел бермей қойды. Ғ.Мұст. ~ «Күшіне қарамай көже көпіреді» дегендей, жаз суы үзбектеліп қалатын Қоңыраудың көктемде өткел бермей бұрқырайтыны бар!.. С.Мұқ. ~ Ел арасындағы қатынас үзілген Үнияны іздеу де әзірге тоқталды. Жан-жақ өткел бермейтін асау толқын. Ә.Шәр. ~ Құла дүзде адасып келе жатқан адамға алдынан өткел бермес арна кездескендей абыржыдым. Н.Сер.
Кедергі болды, алға бастырмады, ~ Қайран туғанжер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар, дария деймін — ау, маған енді туып өскен ел — жұртым теңіздің ар жағындай елестейді. Т.Ахт. ~ Ақыл серік амал іздегенімен қамалы көп тірлік қабырғасына тірелтіп өткел бермейді. Не істерміз? С.См.
