Әлдебір қиындықты жеңді, сыннан өтті.~ Ертең ұран шақырылған күні аталған жерге түгел жиыл. Шаруаға, дүниеге алаңдама. Осы өткелден өтпей тыныштық жоқ, мал дүние арам. Тобыңды жазба, шашырама, күндіз-түні дайын отыр. М.Әу. ~ Жағада кір жуған әйелдерге де тура қарай алмай, бетімен жер басып жүргенде, Жолдыбай ұрын келген соң, өткелден өткен Қымбат, кекететіндермен кездескенде маңғазсып, оларға басын изеп паңданып өтетін. Т.Рыс. ~ Нұртаза солқылдаған жалғыз тақтай өткелден өткендей, іштей “Уһ” деп терең дем алды. С.Жүн.
