Posted in

ПАЙҒАМБАР ЖАСЫНА КЕЛДІ (ТАЯНДЫ, -Н АСТЫ)

Мұхамбет пайғамбардың қайтыс болған жасына орай алпыс үшке келген, алпыс үшке жақындаған не алпыс үштен асқан адамға қатысты айтылады. ~ Жарас. Айтып құтылсаңшы, байғұс шал, пайғамбардың жасына кеп, сақал–шашың ағында бұ не қорлық?  М.Әу. ~- Иманың күйгір, пайғамбар жасына келгенше аузыңнан пәтуәлі сөз шықпады- ау.  Қ.Ысқ. ~ Әрине, мен сенбедім. ал, кемпірім: «Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп ант- су ішеді.  О.Бөк. ~ Енді, міне, алпыстан асып, пайғамбар жасына таяғанда, баяғы жынының қайта қозғаны несі? Осы сапар бұған бір сын болмаса не қылсын?! Қ.Жұм. ~ – Енді, өздерің біліңдер… шырақтарым. Пайғамбар жасынан асқанда, ақыл айтып, жол көрсеткеннен өзге не қалды дейсің…  О.Бөк. ~ Пайғамбар жасынан асқан адамға ақыл айтып, оныңды орындата алмағаннан артық қандай қиямет іс бар екен?  К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *