Мұхамбет пайғамбардың қайтыс болған жасына орай алпыс үшке келген, алпыс үшке жақындаған не алпыс үштен асқан адамға қатысты айтылады. ~ Жарас. Айтып құтылсаңшы, байғұс шал, пайғамбардың жасына кеп, сақал–шашың ағында бұ не қорлық? М.Әу. ~- Иманың күйгір, пайғамбар жасына келгенше аузыңнан пәтуәлі сөз шықпады- ау. Қ.Ысқ. ~ Әрине, мен сенбедім. ал, кемпірім: «Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп ант- су ішеді. О.Бөк. ~ Енді, міне, алпыстан асып, пайғамбар жасына таяғанда, баяғы жынының қайта қозғаны несі? Осы сапар бұған бір сын болмаса не қылсын?! Қ.Жұм. ~ – Енді, өздерің біліңдер… шырақтарым. Пайғамбар жасынан асқанда, ақыл айтып, жол көрсеткеннен өзге не қалды дейсің… О.Бөк. ~ Пайғамбар жасынан асқан адамға ақыл айтып, оныңды орындата алмағаннан артық қандай қиямет іс бар екен? К.Сег.
