Пайғамбар көтерген жасыл түсті жалау. ~ Соңынан еріп келе жатқан топтың үстінен алтын ай бейнесі салынған Мұхаммед пайғамбардың жасыл туы бүкіл аспанды жапқысы келгендей, желмен ойнап желпілдейді. І.Ес. ~ Әр жерден құптаған, мақұлдаған дауыстар естілді: — Пайғамбардың жасыл жалауын көтеріп, мұсылман халқын ғазауатқа шақыру керек! Б.Тоғ. ~ Жан тапсырарда тышқақ лақ та тұяқ серпеді, біз — ар-намысы бар Адам емеспіз бе? Пайғамбардың жасыл жалауын көтеріндер, сол жалаудың астында бауыздалып өлсем де өкінбеймін! Б.Тоғ. ~ Қызылдарға қарсы күресу үшін Алашорда партиясы жер–жерден жігіт жинап жатыр. Пайғамбардың жасыл туы астына алаш әскерін топтап, кәпірде кеткен есеміз, қорланған арымыз үшін, масқара болған дініміз үшін ғазабат соғысын ашамыз. Ә.Нұрп.
