Әлдебір істің келтірер игілігінен гөрі тигізетін кесірі көп. ~ Латын әліп-биіне ұлы әріп болатынын артықтығына дәлел еткісі келетіндер бар. Оның ұлы әрпінің пайдасынан зияны көп екеніне көз салмайтындар ғана солай ойлайды. А.Байт. ~ Ал бүгінгі жұмысшыға не жоқ? Қандай күйігін арақпен баспақ? Жоқ, егер билік менің қолымда болса, мен арақ-шарапты шығаруды біржолата тоқтатар едім! Мемлекетке бұның пайдасынан зияны көп. І.Ес. ~ Базарға күмбез етіп жапқан қаңылтыр шатыр жаңбырға қамсау болады дегені болмаса, әсіресе көктемде пайдасынан зияны көп сыңайлы. Е.Әб.
ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ КӨП