Ой-толғамы, түсінігі төмен. * Бірақ ол жасын көрсетпеу үшін, көздерін кең ашып, жұмбауға тырыстыПайымы таязқарабайыр жюридің шешіміне жасар шарасының жоқтығынан, Жарас әділетсіздіктің ортасынан іші қан жылап шығып баражатты. (АҚ) “Дара сезім”. ~ — Көп көнбістің сайраған көкірегі менмін де… — Менмін! Соным үшін де жек көресіңдер! – жұлыпалғандай жауап берген Ақын өзімен-өзі сөйлескен жандай күбірлей бастады. — Мен Жасағанды өз аузына, тобықтан аспас тайыз пайымына икемдеп алғандарды жақтырған емеспін. С.Әб.
ПАЙЫМЫ ҮСТІРТ
Парық-парасаты саяз, ақыл-ойы жетілмеген. * Рухани бай адамның сенімі берік, мұқалмас берен қорған, көздеген мақсатмұратына айнымай жетеді. Жұтаң пенделердің көкірегі қуыс, пайымы үстірт, жүрегі бос. (АҚ) “Дара сезім”.
