Қамқорлығына алды, бауырына басты. * Алдияр, ел ағасы, ханым дана, Алашқа ауыр күнде болған пана.Кешігіп, күнәлі боп,енді алдыңа Келді ерің іші жалын, жаны жара. М.Жұм. * Мысықты ата жау деуші ек, Ханды асқар тау деуші ек, Кімге панаболды хан?! М.Жұм. * Арып-ашып келеді де екі-үш күн бізде есін жинайды. Өзі жалғыз бала еді, біз оған пана болдық. С.Досж. * Қазақтан пейіл кетті. Бұрын жақсылығы асып-төгілген, төңіректегі жұрттың бәріне пана болып, шарапаты жеткен қазақ, енді өзіне қайырым қыла алмай отыр. Т.Әсем.
ПАНА БОЛДЫ